«Жаңбыршы Алтай — жаратушының өзі, Алланың сипаты» дейді ғалым
Көпшілікке абайтанушы, шәкәрімтанушы, Мәшһүр Жүсіптанушы ретінде етене таныс Омар Жәлел Алтай Айнабек туралы пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Өйткені біздің мынау рухымыз басылып қалған ғой. Орыстың отарында болғандықтан. Белгілі нәрсе ғой.
Негізі деколонизация процесін жүргізуіміз керек. Сол кезде сауығамыз. Сол кезде біздегі ғалымдардың пайда болуы қалыпты нәрсеге айнала бастайды.
Ал Алтай Айнабекті қолдау керек. Неге? Өйткені Аралда жаз бойы жаңбыр жауды. Маңғыстауда көктем бойы жаңбыр жауып, қызғалдақтар шығып кетті.
Сондықтан бұл ғылым Алланың сипаты ғой. Алтай Айнабек кәдімгідей жаратушыға айналып отыр да. Шәкәрім айтады ғой, ол жаратты, сен де жаратып бақ дейді.
Барды бардан шығарсаң, болады сол. Бұны білсең, боласың сүйікті құл. Алланың Жаратушы сипаты. Алтай Айнабекке ақша салғаның – өзіңнің болашағыңа ақша салғаның, технологияға салғаның», – дейді Омар Жәлел.
Бұл пікірін Омар Жәлел Ұлан Құрманғалиевке берген сұхбатында айтты. Сонымен қатар ол Алтай Айнабекті Қаныш Сәтбаевпен салыстыра сөйледі.
«Қазір Қаныштардың ізбасары ретінде Алтай Айнабек келіп отыр», – деді ол.
Фото интернеттен.