Экс-имамның антын үш раввин мақұлдап, оны «Нұһизмге» қабылдады
Экс-имам Тұрарбек Құсайынов ресми түрде Нұһизмнің (Ноахизм) мүшесі болды деп хабарлайды Democrat.kz.
Атап айтқанда кезінде Атырауда «Құспан молла» мешітінде кезекші имам қызметін атқарған Тұрарбек Құсайынов «Бней Ноах» атты халықаралық діни ұйымға өтініш жасап, иудаизмнің барлық талаптарын орындап, ресми түрде мұсылмандардың қасиетті бүгінгі жұма күні мүшелікке қабылданған.
Тұрарбектің мұндай шешім қабылдауына не түрткі болғанын нақты айту қиын.
Белгілісі, ол ұйымның шарттарын толық орындап, иудаизмге өткенін растайтын құжаттарды толтырған. Кейбіреулер мұны жеке таңдау және рухани ізденіс ретінде қабылдаса, ал діншілдер оны Ислам дініне сатқындық жасады дейтіні анық.
Нұһизмнің өзі көпшілікке белгісіз бағыт болғанымен, соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл діни бағыт еврей емес адамдарға иудаизмнің негізгі қағидаларын ұстануға мүмкіндік береді.
Нұһизм бойынша, әлемнің барлық халықтары үшін адамгершілік пен әділдікті насихаттайтын жеті әмбебап заң бар, оларды орындаған адам иудаизмнің бір бөлшегі деп танылады.
Бұрынғы имамның ант беру рәсімін, яғни декларациясын Иерусалимде орналасқан Бейт Диннің (раввиндік сот) үш раввині:
Хаим Гольдберг, Моше Бернштейн, Авраам Калифа қабылдаған.
Экс-имамның бұл қадамы оның рухани ізденісінің бір бөлігі ме, әлде жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты шешім бе – бұны біз білмейміз.
Қалай болғанда да, оның әрекеті көпконфессиональды Қазақстандағы заманауи діни қозғалыстардың даму тарихында ерекше орын алады.
Фото Тұрарбек Құсайынның жеке архивінен алынды.