«Димаш — әнші емес» деген емші апа оның жер бетіне неге келгенін айтып берді

0
357

Тиктокер Нұрбек Жағыпаров таратқан видеода емші Бибігүл «аталарының» Димаш туралы айтқанын баяндайды деп жазады Democrat.kz.

Емшінің сөзіне сенсек, Димаш жер бетіне арнайы жіберілген адам екен. «Мен жалпы, теледидар қарамаймын. Бір күні дәрет алуға шығып бара жатсам, теледидардан біреу ән айтып тұр екен.

Кім екенін танымаймын. Димаш Құдайберген екен. Сол кезде маған «бұл — әнші емес» деген дауыс келді. Димаш — әнші емес, ол Алланың қалауымен жердегі бүкіл халықты біріктруге жіберілген миссионер екен.

Оның әнімен адам емдеуге болады екен. Димаш — Алланың таңдаулы адамы» деген емші өзіне осылай уахи келгенін айтады.

Фото интернеттен.

@turbo_nurba

Димаш Кудайберген, емші Бибигуль. СКО Жанадәүір ауылы

♬ original sound — Нурбек Жагипаров