Тікелей эфирде Құран кітабын өртеді: Құран заңмен қорғалуға тиіс пе?

0
658

ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде бірнеше кісі Құран кітабын өртеді деп жазады Democrat.kz.

Бұл тікелей эфирге қазақстандық және өзбекстандық азаматтар қатысқан. Тікелей эфирді ашқан және модератор өзбекстандық азаматтар.

Бұл азаматтар «Құран кітабы жанбайды» деген сөздің өтірік екенін тікелей эфирде дәлелдемек болған.

Қазақстандағы тиктокер, дінді жақтаушы азаматтар бұл эфир үшін өз реніштерін білдіріп, видео үндеу жолдауда. Солардың бірі Ali атымен тіркелген қазақстандық жігіт: «Құранды өртеген өзбектерге қосылып, «дұрыс болды» десіп жатқан қазақтар, заң алдында жауап беретінін білмей ме? Көздеген мақсаттарың не?Құрметті заң өкілдері, осылар заң алдында жауап берсін!» дейді.

Осы мәселеге қатысты Әлішер Төлеу атты азамат өз парақшасында «Қасірет қой мынау. Мен Құранды заңнамалық жүйеде қорғауға петиция жинасам қосыласыздар ма? Қазіргі кезде самосуд болмайды» деп жазды.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото көрнекілік үшін.