Көріпкел затын тапқан аруақ өмірге қайта оралды (ВИДЕО)
Бірер күн бұрын ғана Ақтаудағы ұшақ апатының бір жолаушысы қазақстандық көріпкел Айгүл Бердіғалиеваға «байланысқа шыққанын» жазған болатынбыз.
Естеріңізге салып өтейік, Ақтау маңында болған ұшақ апатындағы бір жолаушының рухы көріпкел Айгүл Бердіғалиеваға аян беріп, апат болған жерде өзінің бір заты қалғанын хабарлайды.
Қазақстандық көріпкел рухтың нұсқауымен ол көрсеткен жерге барып, алтын сырғаның бір сыңарын тауып алады. Кейінірек ол сырғаны полиция өкілдері «иесіне біз жібереміз» деп тәркілеп алған еді.
Енді міне, қазақстандық көріпкелге «хабар берген» рух иесі, әзербайжан келіншек қаншама аптадан бері жатқан комадан есін жиыпты.
Бұл туралы көріпкел Айгүл Бердіғалиеваның өзі хабарлады.
«Демек, маған комада жатқанда хабар берген екен. Мен оның сырғасын тапқан күні келіншек есін жиыпты. Қазір жағдайы бір қалыпты дейді. Баку ауруханасында. Ол әйел — жүкті екен. Ең кереметі — ішіндегі сәбидің жағдайы өте жақсы екен», — деп көріпкел қуанышымен бөлісті.
Фото көрнекілік үшін.
@tuzdyk_kz ХОЗЯЙКА СЕРЕЖКИ, КОТОРУЮ НАШЛА ЯСНОВИДЯЩАЯ, ВЫШЛА ИЗ KOMЫ Об этом Айгуль Бердыгалиева рассказала на своей странице в соцсетях. Ясновидящая ездила на место kpyшения самолета под Актау и нашла по просьбе духа золотую серьгу. #самолет #актау #ясновидящая