Шетел азаматы павлодарлық қызды мазалап, өміріне қауіп төндірген
Павлодарда бойжеткеннің қыр-соңынан қалмай, өміріне қауіп төндірген шетелдік елден шығарылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, қыз полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Ажырасқаннан кейін ер адам қыр-соңынан қалмай, аңдып, өміріне қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан.
Тәртіп сақшылары шетелдіктің Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және кейіннен өз елінің елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды. Ол енді елден шығару жайлы шешімді күтіп отыр.
Айта кету керек, бойжеткен бұрын қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған. «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.