«Өмірімнен анамды сызып тастаймын» дейді блогер

0
94

Желі қолданушысы отбасы туралы шындықты кездейсоқ біліп, анасын өмірінен сызып тастауды шешкен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reddit сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз естіген сөзінен кейін оны кешірмейтінін жеткізді.

28 жастағы қыздың айтуынша, атасы немерелерінің әрқайсысына 25-ке келгенде пайдаланатын қор қалдырған. Ол бұл туралы алғаш рет ағасымен сөйлескенде естіпті. Осыдан кейін жазба авторы мұра туралы анасынан сұраған.

«Мені таңғалдырғаны, ол бұл ақшаны менің болашағым үшін қолданғанын айтты. Сосын мен, ол ақшаны бір нәрсеге инвестициялады немесе қауіпсіз жерде сақтап жүр деп ойладым. Алайда олай болмай шықты. Анам маған ақшаны отбасылық шығындар мен төтенше жағдайларға жұмсағанын айтты», – дейді қыз.

Анасы қызына ол ақшаны басқаруға тиіс емессің деп айтыпты.

“Оның ойынша, біз ақшаны ысырап етуіміз мүмкін. Сондай-ақ анам ол қаражатты ұқырпты жұмсағаны үшін алғыс айтуды бұйырды. Анамнан неліктен ақшаны жаратуға рұқсат сұрамадың, дегенде, “ол түсіністікпен қарайсың деп ойладым”, – дейді қыз.

Қыз анасының әрекетіне қатты ренжігенін және ашуланғанын мойындады.

«Содан бері одан қашып жүрмін. Енді оны өмірімнен біржола сызып тастауды ойлап жүрмін», – деді қыз.

Пікір қалдырушылар оқиға кейіпкеріне заңға жүгініп, ақшасының қайда кеткенін білуге ​​кеңес берді. Сондай-ақ олар ананың бұл әрекетін ұрлық деп атаған.

Айта кетейік, бұған дейін Блогер қызын ауыр дертке шалдыққандай көрсету үшін әдейі улап, оқырмандарынан ақша жинағаны туралы жазылған еді.

Фото көрнекілік үшін.