«Тариф бағасының күрт қымбаттауына жол бермейміз» деді Олжас Бектенов

0
27

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.

— Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр.

Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруда бастады, — деді ол.

Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.

— Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, — деді Үкімет басшысы.