Ұят видеолары тараған қыз 12 млн теңгеге туған күнін атап өтті
Танымал блогер Сабина Мовлаева туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атышулы блогер туған күн “Кальмар ойындары” стилінде ұйымдастырды.
“Туған күнімді жасауға 12 миллион теңге ақша кетті. Одан да көп жұмсадым деуге болады. Қонақтардың костюміне де ақшаны өзім төледім. Мейрамхананың да ақшасын төлеп қойдым. Шымкенттік досым 12-ден кейін құттықтады. Көп достарым ақшалай беріп жатыр. Ең қымбат сыйлық мынау болды деп айтпай-ақ қояйын”, – деді блогер.
Айта кетейік, туған күнінде блогер тосынсыйға ие болды. Оның достары су жаңа көлік сыйлады.
Блогер Instagram парақшасында туған күнінде түсірілген сәттен үзінді көрсетті.
Ал өзінің Instagram Stories бөлімінде туған күніне берілген көлікпен түскен фотосын жариялады.
Еске салайық, Сабина белгісіз қыздың интимді видеосынан кейін өзіне нақақтан-нақақ жала жабылғанын айтып, ел алдында ақталған еді.