Енді мұғалімді әкімдер қыспаққа ала бастаған ба?

0
761

Ұстаздар отыратын түрлі әлеуметтік желі топтарында тағы бір «суық хабар» тарады деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін де «Нысаналы мектеп» дейтін министрліктің кезекті жобасына қатысты наразылығы басылмаған мұғалімдер бұл жолы тіпті аң-таң.

«Нысаналы мектеп» жобасының курсына бармаған мұғаліммен енді әкімдер «сөйлесуді» бастапты.

Бұл туралы белсенді ұстаз Мира Барказатқызы да өз парақшасында:

«Нысаналы мектеп» жобасы бойынша тестке бармаған мұғалімдерді «әкімдер қысып жатыр» деген қоңырау түсіп жатыр.

Бұл қалай? ҰБТ-ға жауап бермейтіндер, олимпиадаға баратын оқушыға көлік бөлмейтін Әкімдер аяқ астынан «нысаналы мектеп» мұғалімдерінің тестіленуіне жауап беріп қалған?!» деп жазды.

Әзірге тиісті орындардан ресми жауап болмады. Ресми жауап болмайтыны бесенеден белгілі де ғой.

Десек те, мұғалімге жауапкершілік жүктегіш Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан бастап, Білім бөлімдері, түрлі курс оқытушылары, ата-аналар, оқушылар аз болғандай, енді әкім-қаралар да қоқыраңдап «курсқа бар!» деп бұйырып шықса, жетіскен екенбіз.

Бір әкімі шырша сәндетіп бір мұғалімнің өмірін сорлатқаны шікірейген шенеуніктің ешбіріне сабақ болмағаны өкінішті-ақ…

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото көрнекілік үшін.