Ақтаудағы ұшақ апаты: Қайғылы оқиғаға 40 күн толды

0
43

2 ақпанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатып, Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL жолаушылар ұшағының қайғылы оқиғасына 40 күн толды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bizim.media мәліметінше, марқұмдарды еске алу шарасы ІІ Құрмет аллеясында өтті. Жиынға апаттан қаза тапқан экипаж мүшелерінің туған-туыстары, әріптестері мен AZAL әуе компаниясының қызметкерлері қатысты.

«Біз өз міндеттерін абыроймен атқарған Әзербайжанның ұлт қаһармандары – капитан Игорь Кшнякинді, ұшқыш Александр Кальяниновты және аға бортсерік Хёкума Алиеваны аса құрметпен еске аламыз. Ұшақ апатында қаза тапқан қаһарман экипаж бен жолаушыларға Алладан рақым тілейміз», – деді AZAL Самир Рзаев.

Естеріңізге салайық, 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау маңында құлады. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Соның ішінде алтауы – Қазақстан азаматы. Өкінішке қарай, алты отандасымыз да қаза тапты.