Тараздың мектеп әжетханасында дау-дамай басталды
Тараз қаласындағы №40 мектеп-гимназиясында әжетханаларға бейнебақылау камералары орнатылғаны туралы хабар тарады.
Оқушылар әлеуметтік желілерде фотосуреттер жариялап, камералардың жеке адам өміріне қол сұғатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мектеп-гимназия директоры Марина Беляева бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, әжетхана кабиналарының ішінде камера жоқ, тек дәліздерге қойылған.
«Қаңтар айының соңында ата-аналар жиналысында оқушылардың дәретханадағы қауіпсіздігі мәселесі көтерілді. Осыған байланысты камераларды кабиналарды көрінбейтіндей етіп, тек дәліздерге орнату туралы шешім қабылданды», – деп келтіреді Беляеваның пікірін «HALYQSTAN» Telegram арнасы.
Ол сондай-ақ, 1 ақпанда техник камера түсіретін аумақты тексеру мақсатында қосылмаған уақытша бір камера орнатқанын айтты.
Кейбір ата-аналар бұл шешімді қолдап отыр. Олардың айтуынша, дәретханаларда балалар темекі шегеді, төбелеседі, бір-бірін қорқытады.
Алайда көптеген ата-аналар балалардың жеке өміріне қол сұғылады деп алаңдайды. Олардың сөзінше, камералар барлық әжетханаларға орнатылған және бұл оқушыларға психологиялық қысым көрсетуі мүмкін.
Фото көрнекілік үшін.