Қазақстандық лесбияндардың видеосы жұртты әрі-сәрі күйге түсірді(ВИДЕО)

0
398

Қазақстандық интернет әлемінде «Bikabreez» деген атпен танымал гомосексуал өзінің сыңарына үйленуге ұсыныс жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

«Бикабриз» сыңарына үйлену ұсынысын жұрттың көзінше, Инстаграм әлеуметтік желісінде жасады. Айта кетейік, «Бикабриздің» бір ғана Инстаграм парақшасында 317 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар.

Алғашқы сөз салуы сәтсіз шығып, соңынан екінші рет сюрприз етіп жаңадан жасалған ұсынысты сыңары да қабылдады.

«Ол ұсынысымды қабыл алды. «Иә!» деді» деген «Бикабриз» өз қуанышымен әлеуметтік желіде бөлісті.

Бұл жұптардың оқырманы мына жағдайға қатысты «ата-аналары қайда қарап отыр? ұят емес пе?», «Бика, сен жап-жақсы қызсың ғой. Дұрыс еркек тауып үйленсеңші», «масқара! мынадай сұмдықты да көрдік пе?» деген пікірлер жазуда.

Оқырмандардың келесі бір тобы «несі бар, өзі біледі ғой не істесе де» деген  пікір білдіруде.

Ал оқырманының пікірлеріне «Бикабриз» «уайымдамаңдар, өмір-менікі, не істесем де өзім білем ғой. Ал ата-анам мені осы қалпымда жақсы көреді» деген сыңайда жауап жазды.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделді.