Күйеуінің бүйрегін сатқызған әйел көңілдесімен қашып кетті

0
30

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тұратын әйел күйеуінің қаражатын қолды қылып, көңілдесіне қашып кеткен. Бұл туралы Hindustan Times басылымы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйел күйеуін бүйрегін сатып, қаражат табуға көндірген. Ол бұл қаражат қызының болашағы үшін қажет деп сендірген. Әйелінің сөзіне көнген ер адам бір жыл ішінде бүйрегін 1 млн рупийге сатып жібереді.

Алайда әйел қаражатты айтқанындай қызының болашағына, оқуы мен тойына жұмсаудың орнына, көңілдесіне алып баруды ұйғарған. Белгілі болғандай, әйел желіде суретші жігітпен танысып, онымен бірге қашып кету үшін қаражат іздеген.

Ақыры қаражатты күйеуін алдап, бүйрегін саттыру арқылы табуды жөн көріпті. Өз жары тақырға отырғызып кеткенін түсінген азамат полицейлерге жүгініп, жары мен көңілдесі жасырынған үйді тауып алады.

Ол әйелін қайтарып аламын деген үмітпен он жасар қызын, тіпті өз ата-анасын алып, сол үйге барады. Десе де әйел күйеуінің де, қызының да, ата-енесінің да сөзіне құлақ аспай, олармен сөйлесуден бас тартып, ажырасуды қалайтынын кесіп айтады. Ер адамның қаражатты әйелінен қайтара алған-алмағаны белгісіз.

Фото көрнекілік үшін.