«ВПЧ» екпесін алуға шешім қабылдадым» дейді депутат
Инстаграм парақшасында депутат Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты жазба жариялап, өзі қандай екпе алғанын да айтты деп жазады Democrat.kz.
Қазіргі кезде баласына екпе салдыруға қарсы ата-аналар туралы сөз қозғаған Асхат Аймағамбетов вакцинаның пайдалы тұстарына тоқталды. Сонымен қатар өзі салдырған екпе түрлерін атап өтті.
«2020 жылы «Казвак» екпесі толық клиникалық тексеруден өтпегеніне қарамастан, сол екпені салдырдым. Өйткені мен ғылымға сенемін.
Мұнан бөлек, сол тұста анамның да ковидке қарсы екпе алуына мұрындық болдым.
Соңғы уақытта обыр ауруына қатысты мәселелермен айналысып, зерттеп жүргендіктен онкологиялық ауруханаларды жиі аралаймын. Қатерлі ісік ауруының алдын алудың жолы — екпе салдырту.
Жатыр обыры, ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатерлі ісік ауруының алдын алуға арналған ВПЧ вакцинасы бар. Адамдағы папилома вирусына қарсы екпе.
Мен де осы қауіпті дерттің алдын алатын ВПЧ екпесін алуға шешім қабылдадым. Өйткені алдын ала сақтану арқылы денсаулығымызды сақтай аламыз» деген Асхат аймағамбетов вакцина — адам өмірін сақтап қалудың бір жолы екенін айтып, екпе алудан қашпауға шақырды.
Фото интернеттен.