Қыз алып қашу — қылмыстық жаза қатарына жатқызылмақ

0
42

Қазақстанда қыз алып қашу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов мәлімдеді, — деп хабарлайды Democrat.kz.  ақпараттық порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр.

«Мен өзгертулер енгіздім, ұсыныс жасадым, қазір ол Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында. Әр түрлі жауапкершілік түрлері қарастырылған, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік – түрмеге қамау, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар», – деді депутат журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қалыңдық ұрлау үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылып отыр.

«Егер бұл әрекетті бір топ адам жасаса, кәмелетке толмаған қызға қатысты болса, егер қандай да бір зиян келтірілсе – 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер қарсы қалауымен үйінде ұстап, психологиялық және физикалық қысым көрсетілсе. Заң зардап шеккен адамның жағында болуы тиіс», – деп қорытындылады депутат.