Пітір-садақаның ақшасы қапшықпен ұрланған (ВИДЕО)

0
858

Әлеуметтік желідегі парақшасында зерттеуші-журналист Ораз Әлімбеков мешіттердің айналасында болып жатқан тағы бір былыққа қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

Журналист келтірген деректе пітір-садақаға деп жұрттың берген ақшасы қапшықпен ұрланған көрінеді.

Мешіттегі жәшіктен ақша ұрлану жағдайлары Қазақстанда аз болмады. Десек те, уыстап ұрланатын ақшаның қапшықтап ұрлану жағдайы да басқа емес, Қазақстанда болған екен.

«Молдалар зекет жинайтын, жамағат пітір-садақа беретін күн жақын. Наурызбай қажы бас имам болғанда пітір-садақа қапшықпен ұрланып еді. Биыл қалай болар екен?» деп бастаған жазбасында Ораз Әлімбеков:

«Қазіргі бас мүфти Наурызбай Өтпенов Астананың бас имамы болып тұрған шақта сол отырған мешіттен қапшықпен ақша ұрланған еді. Ақша ұрлаған мешіт қызметкерлерін бас имам Наурызбай қажы жазалаған жоқ.

Керісінше, дау-дамай басылған соң ұрлықшының діни қызметі көтерілді, жақын маңдағы бір мешітке дербес имам болып кетті. Егер әділеттілікті қалпына келтіру мәселесін күн тәртібіне қойғанда, мешітке жауапты Наурызбай Өтпенов «өз еркімен» қызметінен кетуі тиіс еді. Өтпенов өйтпеді…

Бүгіндері Астанада «Алла үйіне» ұқсатып салынған алып коттедж туралы алып-қашпа әңгіме басылмай тұр.

«Бұл үй — бас имамдікі емес, менікі» деп арнайы видео-мәлімдеме жасаған Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұлов қазіргі хазірет Өтпенов наиб мүфти әрі Астананың бас имамы болып тұрған шақта «Зекет» қорының директоры болғанын білеміз.

«Зекет» қорының сондай бір директоры Әнуар Жексенғалиевтің республика бюджеттің 1,1 млрд теңгесін осы қор арқылы ұрлағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды.

Дегенмен, ешбір жағдайда, ылғыи осындай былық-шылықтың төңірегінен табылатын Наурызбай Өтпенов жазаланбай келеді. Қайта оның діни қызметі өсіп бас мүфти болды… Мұндайда «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» дейміз бе, не дейміз?!» деп сауал тастайды.

Фото көрнекілік үшін.

https://vm.tiktok.com/ZMkgUFK1h/