Зейнеткер «бақытты өмір» үшін 286 млн теңге жинап берген
![](https://democrat.kz/wp-content/uploads/2025/02/GizL3684-905x613.jpg)
Астанада бір адам 2016 жылдан бастап 2024 жылға дейін «Happy Life KZ» атты қаржы пирамидасын құрып, 35 зейнеткерді сан соқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алаяқ зейнеткерлерге биологиялық белсенді қоспа сатамын деп әрі оны өзгелерге сатса, мол табысқа кенелесіздер деп олардан кемі 7500 теңге, ал ең көбі 2 млн теңге алған. Жалпы, 35 адамты тартқан алаяқ 286 млн теңге жинап алған.
«Зардап шеккендердің бәрі – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер екенін атап өту керек», — дейді ҚМА агенттігі.
Қаржы пирамидасын құрған адам жиналған ақшаны өз мүддесіне жұмсап, Астанадан қымбат пәтер сатып алған. Қазір сот оның пәтеріне арест қойып, өзінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.