Асхат Садырбайды «Астарлы ақиқаттан» кетіру керек пе?

0
316

Белгілі журналист Дина Төлепберген жеке өміріндегі жанжалға қатысты басы дауға қалған тележүргізуші Асхат Садырбайға қатысты ойын айтты,деп хабарлайды Dalanews.kz

Дина Төлепбергеннен оқырмандары «Асхат Садырбайды неге «Астарлы ақиқаттан» алып тастамайсыз» деп сұрай бастаған.

“2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Менің орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін «Астарлы ақиқатты» көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін”, – деді журналист.

Сондай-ақ тележүргізуші әріптесінің іс-әрекетін қатаң түрде сынады.

“Мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам – тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол – жалған. Жұмыс пен өмір екі бөлек болса, ол – алдау», – деп жазды Дина Төлепберген.

Айта кетейік, танымал тележурналист Асхат Садырбайдың екінші әйелі Айғаным Болатқызы Kyn.kz YouTube арнасына сұхбат беріп, бұрынғы күйеуінен көрген қорлықтары туралы айтып берген болатын.

«Асхат жол апатынан соң, біраз қалада тұрып, біз ауылға кеттік. Кейіннен ол балдақпен жүре бастады. Мен баланы емізіп жатқанда енем Асхатқа барып, «баланы бермей жатыр» деген. Сол кезде Асхат келіп балдағымен мені ұратын», — дейді келіншек.

Оның айтуынша, Асхат Садырбай отбасында болған кикілжіңді шешу үшін бірден анасына хабарласып отырған.

«Жаңадан үй алып, Астанаға көштік. Әр ұрыс болған сайын анасына хабарласатын. Анасы да жүгі жиналып, келуге дайын тұратын. Бірнәрсені шешуді анасына ысырып қоятын. Арамызға түсіп, біз ештеңені шеше алмайтынбыз. Көп ренжіткен соң мен үйіме кетіп қалдым. Ол кешірім сұрап келетін», — дейді Айғаным Болатқызы.