Алмас Кішкенбаев «анандай жігіт» пе?

0
1541

Жасөспірімге тиісті деп айыпталып, 15 тәулікке қамауға алынған белгілі әнші Алмас Кішкенбаев туралы жаңалық әлеуметтік желіні шулатты. Өнер иесінің әріптестері Алмастың ішімдік секілді жаман әдеттерден ада десе, енді бірі әншіге қатысты қауесеттің рас екеніне көз жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astanatv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынған Алмас Кішкенбаевтың өнердегі әріптестері оның мұндай әрекетке барғанына сенбейді. Әнші Иван Бреусов Алмастың тіпті ішімдік ішкенін көрмегенін айтады.

“Оның мұндай дөрекі әрекет жасағанын көрген емеспін. Ішімдік ішкен деп жатыр. Алмастың ішімдік ішкенін байқамағанмын. Болған жағдай мені таңғалдырды. Бірақ жеке басым Алмасты жамандыққа қимаймын”, – дейді Иван Бреусов.

Әншінің жанкүйерлері де Алмас Кішкенбаевтың мұндай бұзақылыққа барғанына сенбейді. Олар бәз біреулер өнер иесін аяқтан шалды дейді.

“Мүмкін біреуге жақпай қалған шығар. Бұл жалған болуы да мүмкін. Мүлдем сенбеймін. Өйткені сондай қарапайым бала. “SuperStar.kz” жобасына қатысқан кезде қарапайым бала еді. Ол әжесінің тәрбиесінде болды. Алмастың мұндай әрекет жасағанына сенбеймін. Оны біреулер аяқтан шалған сияқты”, – дейді Алмастың тыңдармандары.

Ал қазақстандық атышулы блогер Жан Ахмадиев Алмастың дәстүрлі емес жыныстық көзқарасы туралы естігенін айтады.

“Алмас есі дұрыс, жақсы жігіт. Бірақ оның жыныстық көзқарасы туралы естігенімді ескерсек, мүмкін ол 17 жастағы жасөспірімді ересек жігіт деп ойлап қалған шығар. Қазір 17 жастағылар өз жасынан үлкен көрінеді. Қандай жағдай болса да, мұнысы – оңбағандық. Әртіс әр кез өз тыңдармандарының назарында. Бұл әрекеті дұрыс емес”, – дейді Жан Ахмадиев.