«Уағызшы Жарқын Мырзатай қайтыс болды» деген хабар тарады

0
2387

Екі күннен бері ТикТок әлеуметтік желісінде уағызшы Жарқын Мырзатайға қатысты суық хабарлар тарауда деп жазады Democrat.kz.

Тараған ақпаратта уағызшы Жарқын Мырзатайдың дүние салғаны, 18 ақпанда Түркістан облысында жаназасы өтетіні «хабарланған».

Кей жұрт бұл ақпаратқа сеніп, «иманды болсын» деп қайғыра көңіл де айтып жатыр.

Алайда уағызшы Жарқын Мырзатай өзі туралы тараған бұл хабарға қатысты: «Біреулер мені «өлтіріп», жаназамды өткізгелі жатыр екен. Біз Меккедеміз. 18-і күні Алматыдан Шымкентке қарай шығамыз. 18-іне менің жаназама бара жатқандар Алматыдан бізді де Шымкентке ала кетіңдер» деп, өзінің аман екенін мәлімдеді.

@tiktik_toop

#рекомендации #хочуврек

♬ оригинальный звук — ТІРКЕЛІҢІЗДЕР ✅