Қайрат Нұртастың әйелі проблемасының нүктесін қойды

0
386

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова даулы істің шешімін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Динара Сәтжан жақсы жаңалықты жария етті.

“Өткен аптада Жұлдыз бұл мәселені жапты. Медиация арқылы Диляра мен саяжай қауымдастығына қатысты барлық жазбаларды өшіру туралы шешім қабылданды. Әрине, бұл жағынан да Жұлдызды қолдаймын», – деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, журналист актрисаны алдап соққан компания өкілін танитынын айтқан еді.

«Мен Диляраны танимын. Ол да маған ұсыныс жасаған. 2020 жылы амбассадор бол, бірге жұмыс істейік деген. Мен амбассадор бола аламын, бірақ маған келісімшарт керек, мен солай ғана жұмыс істеймін деп едім, ол тек ауызша келісімшарт жасайық дейді. Мен басымды ала қашып, бірден бас тарттым. Себебі ішкі түйсігімде сенімсіздік болды», – деді медиа маманы.

Фото көрнекілік үшін.