Салыққа қарыз блогерлердің тізімі шықты

Журналист Михаил Козачков өз телеграм каналында бірқатар блогерлердің төлеуден бас тартқан, яки жасырған салық мөлшерін көрсетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Тізімнің ішінде ең бірінші боп кәсіпкер, блогер Әлібеков Бейбіт тұр. Оның кірісі 2 млрд теңгеден асып кеткен.
Сондай-ақ, өнер жұлдыздарының ішінде Баян Мақсатқызы, Мейрамбек Беспаев, Ақбота-нұр Абайқызы, Алтынай Жорабаева, Тоқтар Серіков сынды әншілер бас көтерді.