«Парламентте төбелесетін жігіттер керек» деп ақын Ақберенді депутат болуға үгіттепті

Ақын Ақберен Елгезек жеке өмірі туралы сыр шертіп, еш жерде айтылмаған құпияның бетін ашты, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Caravan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақберен Елгезек 90-шы жылдары қылмыс әлеміндегі танымал болған Рыжий Алмаздың жерлесі. Ақынның сөзіне сенсек, ертеректе аягөздік жастар өздерін «Рыжий Алмаздың» ұлымыз деген романтикамен өскен.
«Бір түлен түртіп, Рыжий Алмаз менің әкем деп айтқан сәт болған. Бір азаматтар мені шақырып алып, Рыжий Алмазды танисың ба деді. Мен танимын, әкем ғой деген сөз аузымнан шығып кетті. Әлі күнге дейін неге олай айтқанымды білмеймін. Сосын олар бір-біріне қарап, айттық қой ұқсайды деп деді. Маған автокөлік, үй беремін деді. Бірақ, мен бас тарттым, сұрауы бар ғой, оны анықтайды. Содан кейін ол кісі Аягөздікі болғаннан кейін балалары есебінде, сондай романтикамен өстік қой деп айттым. Сосын болды бауырым, кете бер деді», — дейді ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ақын депутат болуға ұсыныс түскенін, бірақ одан бас тартқанын да жасырмады.
«Ерлан Қарин жаңа Парламент жасақталайын деп жатыр. Сол жерде біздің Жаңа Қазақстанға керекті заңдарды қабылдау керек. Жапония сияқты елдерде Парламентте төбелес болып жатады ғой, бізде де сондай болу керек деді. Соған сен сияқты мықты жігіттер жаңа заңды қабылдау керек деді. Мен Ереке, мен әдебиеттің адамымын. Денсаулық сақтау, экономикаға қатысты заңдар келсе, мен не істеймін. Жазушылар одағында жүре берейін, Парламентке дайын емеспін дедім», — дейді ол.
Рыжий Алмаз деген лақап атпен қылмыс әлемінде кең танылған тұлғаның шын есімі – Несіпбай Нәсенов. Ол 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. 1990 жылдары Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыс құрылымдарының белді мүшесі ретінде танымал болды.
Фото интернеттен.