«Мұғалімдердің аттестациядағы портфолиосы — қып-қызыл бизнес» дейді белсенді ұстаз

0
929

Білім саласындағы күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселе туралы белсенді ұстаз Сәния Нүсіпәлі тағы да жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Аттестатция портфолиосы- қайнаған бизнес. Бір мұғалім, бес жылда бір өтеді дейік. Төрт жылда кітап жазып, әдістемелік құрал жазып, оны аудан, облыс республикаға таратып, дәлелдеу керек.

Ғалым боласың. Енді, сол әдістемелік құралды қайда қолданамыз?! Мыңдаған мұғалім, мындаған әдістемелік құрал, кітапша, кітап шығарды дейік, оны бекітті дейік, оны плагиат емес дейік, сонша көп құрал авторларының пайдасы барма?!

Бұл не үшін керек?!

Одан қалды, миллиондаған ақшамен шетелге барып, халықаралық конференцияға қатысып, сертификат алу керек.

Түркияға барсаң жарты милллионнан асып жығылады. Жапонияға барсаң, бір миллионнан асып жығылады.

Өзі үшін барады. Десекте, бұл үрдістің, білім сапасын арттыруға септігі барма?! Пайдасын көрдік дегендер, дәлелмен осы араға жазыңдаршы.

Өйткені, Түркия, Дубай, Жапония деген елдерге ақшамен барып, халықаралық конференцияда сертификат алған мұғалім көп. Әр өңірде бар.

Осындай үрдіс дұрыс па?! Бұрыс па?! Мұғалімдер мен оқушылар арасы алшақтап кеткен жоқ па?!» деп жазды белсенді ұстаз өзінің парақшасында.

Фото көрнекілік үшін.