Мұсылмандар бір-бірін сотқа тартып жатыр (ВИДЕО)

0
29

ТикТок әлеуметтік желісінде Мақсым Нұрғали атты желі қолданушы өзін мұсылмандар сотқа сүйреп жатқанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Мақсым Нұрғалидің айтуынша, діни таным-түсініктері тең болмағаны үшін, бірдей болмағаны үшін мұсылман қауымның өкілдері оның үстінен сотқа шағым түсіріпті.

«Мені сотқа тартып жатқандар — өздерімен пікірім, ойым бірдей болмағаны үшін жазалағысы келеді. Менің айтқаным ақиқат болғандықтан, дінді бұрмалаушылардың жанды жеріне тиіп кеткен сыңайлы» деген Мақсым Нұрғали құдайдан медет сұрады.

«Мұсылман елдеріндегі барлық жамандық атаулы мешіттерден шығып жатыр. Себебі имамдар Алланың шын үкімдерін бұрмалап, жасырған соң осындай болуда» деген Мақсым Нұрғали күллі адамзатты дінге келуге, Құранды, Інжілді қазақша оқуға, дұғаларды қазақша оқуға шақырды.

Фото видеодан скринделді.

@maksim_nurgaly

♬ оригинальный звук — Maksim_Nurgaly