Қазақстандықтар криптовалютаны заңды түрде сатып алып, сата алады

0
159
Қазақстандықтар криптовалютаны заңды түрде сатып алып, сата алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен криптоиндустрия жобаларын дамытуға пәрмен берілді. Бүгін Ол Digital Bridge-2022 Цифрлық технологиялар және бизнес форумында Қазақстанның Intebix биржасы мен Еуразиялық банктің бірлескен стендімен танысып, алғашқы криптовалюталық операцияның жүргізілгені туралы есепті мұқият тыңдады.

Бұл жайт қазақстандықтар үшін криптовалютаны теңгеге заңды түрде сатып алу мүмкіндігін ұсынды, оның үстіне Еуразиялық банк дербес бағдарламасының арқасында осындай операция үшін әлемдегі ең төмен комиссиялардың бірін белгіледі.

«Бұл бүкіл Еуразия құрлығындағы тұңғыш криптофиаттық криптобиржа-банк-клиент операциясы болып табылады», — деп хабарлады Президентке Intebix биржасының директоры Талғат Досанов.

2022 жылғы 23 мамырда ҚРҰБ, ҚНРРА, АХҚО, ЦДИАӨМ Қазақстан аумағында белгілі бір шарттарды сақтай отырып, криптовалюталармен операциялар жүргізуге рұқсат беретін пилоттық қағидаларды бекітті. Пилоттық жобаға қатысу үшін биржалар лицензия алуы, ал банктер қосылатыны туралы мәлімдеулері тиіс. Реттеуші база транзакциялар мен клиенттік құралдардың қауіпсіздігіне тиісті бақылау жүргізуді қамтамасыз ете алатын ең озық әлемдік стандарттарға сәйкес әзірленді.

Теңгеге криптовалюта сатып алу процесін таныстыру барысында Еуразиялық банк жыл соңына дейін Қазақстанда криптокарта шығаруды жоспарлағанын жариялады. Сол кезде қазақстандықтар дүкендерде сауданың ақысын криптокартамен төлеуге мүмкіндік алады. Операцияға төлем Intebix криптобиржасындағы клиенттің шотымен байланыстырылған шоттан теңгемен алынатын болады. Қазіргі уақытта Еуразиялық банк картаны шығару рәсімін жасақтады және барлық ықтимал тәуекелдерді пысықтау үшін Ұлттық банкпен сындарлы диалог жүргізілуде.

Еуразиялық банк криптовалютамен алғашқы заңды және жария мәмілені жасады. Бұл реттеуші мен бизнес жұмысының бірлескен нәтижесі. Банк клиенттер криптовалюта сатып алатын биржаға теңгені кіргізу мен шығару процесін небары төрт айдың ішінде әзірледі.

Әлемде криптобиржалардың көбі төлем агенттерімен жұмыс істейді, олар реттеушілер үшін жабық, ал клиенттер үшін қымбат: барлық жұмыс банктің ақпараттық жүйелерінде жүргізілетіндіктен, банк толық ашықтықты ғана емес, сонымен қатар клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды да қамтамасыз ете алды.

Intebix — Қазақстанда құрылған, ҚР-да жұмыс істеуге лицензия алған және барлық заңнамалық талаптарға сәйкес келетін виртуалды валюталар биржасы. Biteeu брендінің атына Еуропалық Одақ пен Австралияда алған лицензиялары бар.
Еуразиялық банк — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен жетінші орындағы әлеуметтік маңызды қаржы институты.

Бөлшек банкинг нарығында жетекші орында тұрған банк корпоративтік клиенттері мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтингі 2022 жылғы 12 сәуірде «тұрақты» деген бағамен расталды. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.

Айта кетейік, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы 3 ақпанында  № 1.2.68/242/40 лицензиясын берген болатын.