«Қазақтың баласы Кремльде «бізде русофоб көп» деп дабыл қақты» дейді Бурахан

Трамптың әңгімелерінен кейін көрші елдің өкілдері есін жинай бастады. Тіпті ашық идеалогиялық шабуылдарға шыға бастады десекте болады. Мысалы, өзін солтүстік қазағы деп атайтын Аслан деген біреу бар. Оны біразыңыз білетін шығарсыздар.
Сол кешелері Мәскеуде өткен руский общинаның жиналысына қатысты. Жиналыс анау-мынау емес, Кремльдің өзінде өткен.
Сол жиналыста ол, құрметті қонақ ретінде қабылданып, община басшылығының алдында өзінің қаны Қазақ, руы Арғын болса да жаны орыс екенін жеткізіп, община басшылығына, Қазақстанда русофобтардың көбейіп кеткені жайлы айтып, өзін соларға қарсы соғысып жүрген қаһарман қып көрсетті.
Оның ютуб каналын қарасаңыздар, басты жауларының бірі мен.. Яғни Солтүстікке адам көшіріп, осындағы Қазақи идеологияның дамуына, өсіп өнуіне сеп болып жүрген істерімді Кремльге жеткізіп, толық мәлімет беріп кетті деген сөз.
Жалпы, көрші елдің қамына жұмыс жасайтын мұндай адамдар аз емес. Менің түсінбейтінім, осындай адамдарды біздің құқық қорғау өкілдері неге құрықтамайды? Неге жазаламайды?
Егер мұндайларды дер кезінде тоқтатып отырмаса үлкен идеологиялық күшке айналып кетеді. Айналып жатыр да.
Пы-сы: қилы-қилы заман туды. Дәл қазіргі сәтте ел болашағын ойлап қам қылуымыз керек. Етек жеңімізді қымтап, шекара, шекаралас жерлердегі мемлекет құраушы ұлттың үлесі, идеалогия мәселесіне баса назар аудару керек.
Әлемде әділдік деген жоқ. Тек мүдде деген бар екен. Әр адам, әр мемлекет тек өзін ойлайды. Қысқасы, сырттан көмек келмейді деп өмір сүруіміз керек. Соңғы жаңалықтардан осыны ұқтым.
Бурахан ДАҚАНОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.