Сейфуллин Жолбарыс бұрынғы әйелімен қайта қосылды?

0
283

Жеке өмірі қызу талқыға түскен Жолбарыс Сейфуллин бұрынғы әйелі Екатерина Вайтпен қайта қосылды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еске салайық, өнер иесінің әйелі ел алдына шығып, сұхбат беріп, екі жаққа кеткендерін айтқан еді. Алайда танымал отбасы Шымбұлақ кешеніне демалуға барған.

“Бүгін Шымбұлақтамыз! Қанатты жолмен серуендемегелі біраз жыл өтіп кетіпті. Түбінде тұрып, қадірін білмейміз. Осы бақытты күнімізге шүкір! Төрт көзіміз түгел, деніміз сау”, – деп жазды Екатерина Вайт.

Одан кейін жұлдызды жұп Шымкентке бірге барып, достарының қуанышына ортақтасқан.

Желі қолданушылары қызу талқыға салып, әншінің отбасына оралғанына қуанып жатыр.

“Қартайғанда қосылғаның жақсы болды”, “Жеңгеміз өте жақсы адам”, “Керемет әйелдің қадірін білмей жүрсің”, “Бірге жүргендеріне көріп қуандық”, – жазды көпшілік.