Мұғалім сабақ үстінде ұятсыз видео көріп отырған

Башқұртстанда сабақ үстінде порно көрген мұғалім мұны оқыс оқиға деп түсіндірді. Ол электронды журналға кіргісі келгенін, бірақ басқа сайтқа өтіп кеткенін айтып ақталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Baza Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Нефтекамск әкімшілігінің білім бөлімі физика пәнінің мұғалімімен кездесу өткізді. Мұғалім күнделікті жұмысына қатысты кіріп жүрген интернет-журналдың сілтемесін басқанда экранда ұятсыз суреттер пайда болғанын айтты.
Ер адам мұндай жағдайды мүлдем күтпегенін айтты. Ал ұстаздың еңбегін мектебінде жоғары бағалайды. Ол 40 жылдай еңбек етіп келеді, оның үстінен бүгінге дейін бірде-бір рет арыз түспеген.
Бұл жағдайға қатысты тағы бір болжам да айтылады. Барлығына жетінші сынып оқушылары кінәлі. Олар компьютерге түрлі бағдарламалар орнатып, мұғалімді оқыс жағдайға қалдырған.
Мұғалімнің браузердегі кірген сайттарын қарау үшін ноутбугы тәркіленді. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады деп күтіліп отыр.