Сабина Алтынбекова ажырасқанын жасырмады

0
53

Халықаралық жарыстарда өзінің сұлулығымен әлемге танылған волейболшы Сабина Алтынбекова бес жылғы некесінен кейін заңды түрде ажырасқанын айтты.

Волейбол арқылы танылған Алтынбекова соңғы жылдары әлеуметтік желідегі жеке брендін дамытып, тіпті, қыз-келіншектерге тәлімгер ретінде курс сатқан. Оның жеке парақшасында 1,1 млн оқырманы бар.

Сол оқырмандарының сауалдарына жауап берген Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беремін деп, жазба қалдырған.

«Иә, біз ажырастық. Мен заңды некеде тұрғамын, енді заңды жолмен ажырастым. Бұл мәселеге қатысты сұрақ көп болған еді, осымен нүктесін қоямын», — деп жазған спортшы.

Айта кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шығып, балалы болып, спорттағы карьерасынан үзіліс алған еді. 2022 жылы спортқа қайта оралып, арабтың Al wasl клубында ойнады. 2022-2023 жылдары ол Al wasl Араб лигасының чемпионы атанып, әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына қосылды. Ал, 2024 жылдың соңында он Индонезия клубына кеткенін хабарлаған еді.