«Имам табанын жалатып, саусағын сорғызып…» деген журналист Әбдужаппар Смановты сотқа беру керек деді

Танымал журналист Ораз Әлімбеков қоғамда шу тудырған сарыағаштық имамға қатысты пікірін білдіріп, имамды сотқа беру керек дейді деп жазады Democrat.kz.
«Мынау Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері. Оларға медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты.
Сонда Оқу-ағарту министрлігі медересе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?!.
Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға.
Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былық деп — тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып жазасын беру керек.
Мынау Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы мәселенің бергі жағы ғана… Мүфтият жүйесінде бұдан басқа да азғындық көп.
Оның біразы жазылды, айтылды, бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді. Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма?!. Мынандай қорлыққа зайырлы қазақ қашанға дейін шыдайды?!» деп жазды журналист әлеуметтік желі парақшасында.
Фото көрнекілік үшін.