Құрметті Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы!

0
164

Құрметті Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы!

Кеше 15-ші маусымда Николай Басков пен Григорий Лепс Украинадағы жойылған әрбір Leopard танкісі үшін 1 миллион рубльден сыйақы төлейтіндерін салтанатты түрде мәлімдеді.
https://vz.ru/news/2023/6/15/1216656.html

Ал 8-ші шілдеде Қонаев қаласында өтетін Григорий Лепстің концертінің жарнамасында билет құны 500 000 теңгеден 1 миллион теңгеге дейін сатылып жатыр..

Концерт 2023-ші жылы,келесі айдың 8-ші шілдесінде Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village атты ғимаратта өтеді.

Григорий Лепс қанішер Владимир Путиннің сүйікті әншісі екенін бәріміз жақсы білеміз және аталмыш әнші Украинадағы соғысты ашық қолдайды.

Өздеріңіз білесіздер Қазақстан Республикасы Украина-Ресей қақтығысында ресми түрде нейтральды позиция ұстанып отыр,
бірақ әрбір ұлтшыл қазақ азаматы бірауыздан Украинаның толық жеңісін қалайды.

Мен сіздерден азаматтық белсенді ретінде осы Z- әртістің концертін ҚР аумағында,яғни сіздерге қарасты Қонаев қаласында өткізбеуді өтініп сұраймын.

Қазақ елінің жарқын болашағы мен тәуелсіздігі үшін жанын пида қып жатырған азат Украинаға жан-тәнімен қарсы Григорий Лепс секілді ресей әншілеріне Отанымыз Қазақстанда ақша-қаражат табуға жол бермейік дегім келеді.

Тұрарбек Құсайынұлы