Ереуілге шыққан мұнайшылары «ерте зейнетке шығу» бағдарламасының қатысушылары болып шықты

0
65

Агенттік ақпарат көзінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында ереуілге шыққан «West Oil Software» ЖШС (WOS) қызметкерлері «мерзімінен бұрын зейнетке шығу» деп аталатын «5/50» бағдарламасының қатысушылары болып табылады.

«West Oil» қызметкерлері заңға қайшы талаптарды көтеруі алғаш рет емес. Мысалы, 2021-2022 жылдары олар өздері жұмыс істейтін компанияға ұлттық статус беруді талап етті. Оның үстіне ереуілдеушілер 2017-2018 жылдары «мерзімінен бұрын зейнетке шығу» – «5/50» бағдарламасына қатысқан адамдар. Яғни, олар бес жыл бұрын бірден жалақының 50 пайызын алып, жұмыстан шыққан», — деді сенбіде ҚазТАГ редакциясына жағдаймен таныс дереккөз иесі.

Оның айтуынша, осы жағдай Ақтаудағы құрылыс нарығын көтерген.

«Бағдарламаға қатысушылар арасында зейнеткерлік жасқа жақын адамдар ғана емес, сонымен қатар еңбекке қабілетті 35 жастағы еазаматтар да болды. Шамасы, бес жыл жұмыс істемеуге болады деп есептеп, бағдарламаға қатысуға шешім қабылдаған. Олардың әрқайсысы миллиондаған қаражат алды, бір бөлігі көлік, енді бірі Ақтауда тұрғын үй сатып ала бастады. Бұл жерде жүздеген адамдар туралы әңгіме жүріп жатыр. Бір уақытта нарыққа қанша қаражат түскенін елестетіп көріңізші – Ақтауда құрылыс бумы басталды, оған коммуникациялық инфрақұрылым ілесе алмады. Ақтаудағы жылу мен суға байланысты қазіргі жағдай іс жүзінде сол оқиғалардың салдары», — деді агенттікке сұхбат беруші.

Сондай-ақ, ол «5/50» бағдарламасына қатысу ерікті болғанын атап өтті.

«Ешкім ешкімді қатысуға мәжбүрлеген жоқ. Олар ақшасын алды. Ақылды адамдар сол арқылы кәсіп ашты. Көбісі West Oil компаниясына жұмысқа орналасты. Енді олар заңсыз ғана емес, ақылға қонымсыз жаңа талаптармен ереуілге шығуда. Мұны көпшілік түсінеді. Мұнайшылар арасында өзара ынтымақтастықтың мықты екенін жақсы білеміз. Әділетсіздік орын алған кезде кейбір компаниядағы мұнайшылар бас көтерсе, оларға басқа компаниялардың мұнайшылары да қосылып, ереуілге шыға бастайды. Бұл жолы олай емес, өйткені басқа компанияларда мұнайшылар West Oil жұмысшыларының талаптарының ақылға қонымсыздығын түсінеді. Тіпті, көптеген адамдар ереуілшілердің әрекеттеріне деген таңданысын жасырмайды», — деді дереккөз.

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚазТАГ агенттігіне West Oil Software компаниясының барлық ереуілге шыққан қызметкерлері – «5/50» бағдарламасының қатысушылары екенін растап отыр.

«2017-2018 жылдары Oil Transport Corporation ЖШС (ОТК) жекелеген қызметкерлері тараптардың келісімі бойынша еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын бұзу бағдарламасын («5/50» бағдарламасы) пайдаланды. Оның орнына олар бес жылдық кезеңдегі лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде ақшалай өтемақы алды. Оның ішінде 517 бұрынғы ОТК қызметкерлері WOS-қа жұмысқа орналасты. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша WOS-та ОТК-ның 454 бұрынғы қызметкері жұмыс істейді», — деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі.

Әкімдікте хабарлағандай, жалпы саны 4801 қызметкер босатылған. Бір қызметкерге орташа есеппен 11 млн теңге, жалпы құны 44 млрд теңге өтемақы төленген.

Облыс әкімдігінде атап өткендей, «WOS штатына ауысқысы келетін жұмысшыларға бес жыл бойы жұмыс орындарының сақталуына, белгілі бір мөлшердегі жалақы деңгейі мен ең төменгі әлеуметтік пакетке кепілдік берілді».

«Жұмыс орнынан ауысу кезінде орташа жалақы 235 650 теңге болған. 2021 жылдың қыркүйегінде WOS қызметкерлерінің жалақысы 36%-ға өсіп, орташа есеппен 322 975 теңгеге жеткен. Сондай-ақ, әлеуметтік пакет екіден 18 позицияға дейін ұлғайтылып, жыл сайынғы жалақыны индекстеу енгізілді. 2022 жылы орташа жалақы 652 596 теңгені құрады және әлеуметтік пакетті 18-ден 30 позицияға дейін кеңейту туралы Ұжымдық шарт жасалды. 2023 жылы WOS бойынша орташа жалақы 735 616 теңгені құрады», — деп нақтылады облыс әкімдігінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілі заңсыз деп танылған болатын, ал компанияның осы жағдайға байланысты ұңғымаларда апат қаупі туындауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.