Астанада «Рухани жаңғыру» белгісі құлады

0
399

Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан «Рухани жаңғыру» символы объектісі желден құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Сәулет объектісі қатты желдің әсерінен құлаған. Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі.

9 ақпанда қолайсыз ауа райының кесірінен Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.
Еске салайық, елордада боранға байланысты тәулік ішінде 250-ден аса жол апаты тіркеліп, барлық қызмет түрі күшейтілген режимге ауысты.

Сонымен қатар Астанада қатты желден Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шатыры ұшып кеткен еді.

Фото ашық дереккөзден алынды.