ҚазҰУ студент қыздарының вирго-деректері қалай тарап кеткен? (ВИДЕО)

0
556

Кешеден бері қазнетте шу тудырған ҚазҰУ студент қыздарының дәрігерлік жеке деректеріне қатысты тағы бір ақпарат жарық көрді. Телеграмдағы Qumash каналының жазбасында дәрігерлік деректер қазірге дейін интернеттен өшірілмеген, деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Негізінен аталмыш университет студенттерінің вмрго-деректері ауызша түрде жинақталыпты. Бұл туралы (төмендегі видеода) Smart Health University City емханасының директоры Жанна Жүниісова мәлімдеді. Вирго-дерек не үшін қажет болған?

Бұл сұраққа емхана басшысы жүктіліктен қорғану үшін, жыныс жолдарымен берілетін түрлі жұқпалы дерттерден сақтандыруға кеңес беру мақсатында осындай деректер жинақталыпты.

Ал дәрігерлік анықтамадағы «пәк» және «пәк емес» деген тұстардың бос қалуы қыздардың абырой мәселесіне қатысты емес екен. Ол тұстың бос қалдырылуы ол қыздың гинеколог маманға қаралмағанын білдіреді екен.

Ал дәрігерлік деректердің скрин көшірмесін мехмат факультетінің старосталары өзара бөліскен. Өкінішке қарай, бұл скрин көшірмелер бүгінге дейін өшірілмеген.

Qumash каналы университетке арнайы хабарласып, дәрігерлік деректерді өшіру туралы ескерткен соң ғана вирго-деректер бүкіл жерден өшірілген.

 

Естеріңізге салып өтейік, Алматыдағы ҚазҰУ студенттерінің жеке дәрігерлік деректеріне қатысты орын алған бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото ашық дереккөзден алынды.