Бізде жұмыртқа проблемасы болмайды

0
112

Жұмыртқа бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жұмыртқа бағасы 500 теңгеден жоғары болып отыр. Бұл баға нақты түрде сақталады. Өйткені мамырдан бастап жеке шаруалардан да жұмыртқа келе бастайды.

Жалпы, сол кезеңде құс фабрикалардың өнімдері өтпей жатады, сол себепті бірінші мамырдан бастап жарты жыл аралығында шектеу қойып отырмыз. Ол жерде баға көтерілмейді, қажетті қолдау бар.

Сондықтан жұмыртқа бағасы көтерілмейді, — дейді Ауыл шаруашылығы министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.