Жолдар жабылды

0
144

20:00-дегі ахуал бойынша күн райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 17 автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Абай облысында — 6 учаске, жалпы жалпы ұзындығы 1841 км:
(температураның төмендеуі -30)
1. «Омбы-Майқапшағай», Павлодар обл.шек-Боғаз а.
2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», Қарағанды обл.шек-Бұғаз а.
3. «Алматы-Өскемен», Аягөз қ.-ШҚО шек.
4. «Өскемен-Семей», ШҚО шек.-Семей қ.
5. «Семей-Қайнар», Семей қ.-Қайнар а.
6. «Семей-РФ шек.» Семей қ.-РФ шек.
(дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Шығыс Қазақстан облысында –7 учаске, жалпы ұзындығы 1238 км:
(қар көшкінінің қаупіне байланысты, ауа температурасының — 45°С дейін төмендеуі)
1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша
(дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)
2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» — Берел а.-Рахман қайнары шипажайы.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қарағанды облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км:
(Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)
1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» -Қарқаралы қ.-Абай обл.шек.
(дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін).
Қостанай облысында — 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км:
(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Павлодар облысында — 1 учаске, жалпы ұзындығы 160 км:
(Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)
1. «Омбы-Майқапшағай» уч.п. Кенжекөл-гр.Абай обл.
(дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)
Ұлытау облысында — 1 автожол, жалпы ұзындығы 115 км:
(қатты жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл», Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 557 бірлік техника және 1277 адам жұмылдырылды.

Фото ашық дереккөзден алынды.