Салтанат Нүкенованың ағасы сұмдық скрин-фото жариялады

0
213

Өткен жылы күзде қоғамды дүр сілкіндірген «Бишімбаев оқиғасы» бойынша тағы бір дерек жарыққа шықты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Qumash телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Күні кеше ғана Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның Салтанат Нүкенованың өлімімен байланысы жоғын, Салтанат басқа бір ауруы себебінен көз жұмғанын айтқан ақпарат жариялаған едік. Енді міне, сол ақпараттың артынша Салтанат Нүкенованың ағасы оқиға болған күнгі BAU кафесінің бейнекамерасынан скрин-фотолары мен сот медициналық сараптама қорытындысының фотосын жариялады.

Салтанаттың ағасы бұл қадамға Қ.Бишімбаевтың адвокаттары жасаған мәлімдемеден соң барған. Бишімбаевтың адвокаты «Бишімбаев әйелін өлтірмеген. Әйелінің өліміне әлі де қатты қайғырып отыр. Салтанат өзінің ауруынан көз жұмған» деген сыңайдағы дүниелерді айтқан еді.

Салтанаттың ағасын әділдіктің ауылы алыстауы қатты ашындырса керек, қолында бар фото-дәйектерін жариялады. Төменде сол фотолардың көшірмесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.