Алматыда карантин жарияланды

0
152

Карантин қаланың 6 ауданындағы аумағында жарияланады, деп хабарлайды Democrat.kz  ақпараттық порталы BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің қаулы жобасына сәйкес, «Өсімдіктер карантині туралы» заңына сәйкес Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантиндік объектілердің және бөгде түрлердің таралу ошақтарын анықтау мақсатында аумақты зерттеп-қарайды, карантиндік объектілердің таралу ошақтарының шекаралары мен ауданын айқындайды.

Оның мақсаты – қала көшелері мен даңғылдарын, саябақтар мен аулаларды зиянкестер мен арамшөптерден қорғау.

Қаулыға сәйкес, карантин Алматы қаласының 6 ауданында енгізіледі:

Осылайша, жүйелі зерттеу нәтижелері бойынша Алматы қаласының аумағында қаланың 6 ауданында жалпы ауданы 23, 40375 га карантиндік объектілер анықталды (Алмалы 0,997 га, Бостандық 2,661 га, Жетісу 1,07 га, Түрксіб 16,11 га, Медеу 0,56575 га, Наурызбай 2 га).

Карантин енгізілетін аумақтар тізімінде қала көшелерінен бөлек, Алматы қаласының халықаралық әуежайы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, № 11 өрт сөндіру бөлімі, «Желтоқсан» саябағы, Орталық мәдениет және демалыс паркі, 28 панфиловшылар паркі бар.

Карантин уақытында мамандар калифорниялық қалқаншалы сымыр, шығыс жеміс жемірі, мәрмәр қандаласы зиянкестерімен және жусан жапырақты ойраншөп, жіңішке жапырақты арам сояу, қызғылт жатаған у кекіре, көп жылдық ойран шөп арамшөптерімен күреседі.

Фото ашық дереккөзден алынды.