Екпеден соң жағдайы нашарлаған балалардан шағым түсті

0
248

Ақтауда мектеп оқушылары А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезінді. Дәрігерлер балалардың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы балалардың мектепте алған екпеден кейінгі жағдайы нашарлағанын мәлімдеді.

Ақпанның 23-і күні Ақтаудағы мамандандырылған IT лицейінің екі оқушысы А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезініп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

«Облыстық аурухананың реанимация бөлімінде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тексерістен кейін психоэмоционалды күйзеліс анықталды. Жағдайлары жақсарғаннан кейін ата-аналары балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартты. Науқастар амбулаторлық емделуге жіберілді. Балалар жергілікті мекен жайы бойынша тркелген ауруханалардың бақылауында болады «, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Балаларға жоспар бойынша екпе егіліп, педиатрдың бақылауында болғаны, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық, екпеге реакция жоқ екені атап өтілді.

Фото ашық дереккөзден алынды.