Санжар Боқаев қисынсыз байбалам салуда- дейді Павлов

0
119

Сенбі, 2 наурызда тәуелсіз журналист Кирилл Павловтың YouTube-арнасында белсенді блогер Санжар Боқаевтың бейнеролигін теріске шығарған бейнежазбасы шықты, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Globalnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аграрлық сала мәселесін сөз етушілер қатарын белсенді блогер Санжар Боқаев толықтырды. Ол азық-түлік бағасы қымьаттауда деп ұрандататын, алайда кәсіби  сарапшылардың көзқарасымен  ақымақтық саналатын  бейнеролик шығарды. Баға неге қымбаттауда?

Естеріңізде болса, сарапшылар бұған дейін де азық-түлік бағасының қымбаттайтынын айтқан еді. Өз видеосында С.Боқаев Қазақстан мен Ресейдегі ұн мен сүттің бағасын салыстырады.

“Бізде 2023 жылдың көктемінде қатты ыстық болды. Ерте тұқым сеуіп үлгергендер аз болды. Ал кеш тұқым еккендердікі өнім бермеді. Жаз айларыда құрғақшылық орнады. Егілген өнім қурап, өле бастады. Күз айы басталысымен толассыз жауын жауды да, үлгерген дихан өнімін жинап алды, ал үлгермегендердің астығы су астында шіріп қалды.

Ал көршіміз Ресей Украинаның астық өндірісінің 80% — ы болған Украина аумағының бір бөлігін басып алды. Яғни, оларда егістікті жаңа аумақтар пайда болды. Екіншіден, санкцияларға байланысты Ресей Федерациясындағы  импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ресей  ішкі ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көп ақша мен күш жұмсауда”,- дейді Павлов.

Сүт бағасы туралы айтатын болсақ, журналист бағаның Ресейден басқа бүкіл әлемде сүт өнімдерінің бағасы өскеніне назар аудартады.

“Барлығы санкциялар мен соғыстың салдарынан қымбатшылыққа ұрынды. Біріншіден, олар импортты алмастыру мен азық-түлік қауіпсіздігіне өте көп көңіл бөлді. Екіншіден, барлық зерттеулер сүттің негізгі сатып алушысы ер адам екенін көрсетеді.

Ресейде соңғы кездері ер азаматттарға қатысты  қиындықтар туындауда.Біреуі қайтыс болды, біреуі кетті. Міне, осындай себептерден кейін азық-түлік бағасы аспандап қымбаттауда. Сүт бағасы Ресейде осындай себеппен қымбаттауда. Бізге де осылай қымбаттағаны керек пе? Меніңше, керегі жоқ”,- деп қорытады өз ойын Павлов.

Фото ашық дереккөзден алынды.