Алматыдан жұрт қаша бастады

0
192

Кеше Алматыда тағы да жер сілкініп, қала халқын бір қорқытты. Таңертең болған жер сілкінісі алматылықтарды 3-4 сағат көшеде сандалтып қойды. Бірнеше рет қайталанған табиғи апаттың салдарынан Алматыдағы үй бағасы төмендеп, керісінше Астанада баспана бағасы шарықтап кеткен деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Сәйкестік пе, әлде шынайы жағдай осылай ма, кешелі бері Алматыдан Астанаға қарай билет іздегендер саны артқандай. Пойыз билеттерін табу мұңға айналды. Ал ұшақ билеттері 100 мың теңгеден асып кетті. Жайшылықта 20-30 мың теңгеге Астанаға 2 сағатта ұшып баратын ұшақтардың бір де бірінде билет жоқ. Ал 12-13 сағатпен Астанаға жететін кей ұшақтарға да билет табу мүмкін болмады.

Жағдайдың бұлай өрбігені астаналық риелторлар мен үйін жалға берушілердің “тілегін орындады” десек болады. Бұған дейін бір бөлмелі пәтерін 140-150 мың теңгеге өткізіп отырғандар жер сілкінісінен кейін бағаны бірден 200-250 мыңға көтеріп жіберіпті. Есіл,Сарыарқа ауданындағы 150-180 мыңдық бір бөлмелі пәтер 260-280 мың теңгеге дейін бағасын өзгерткен.

Алдағы уақытта Астанада азық-түлік пен киім-кешек бағасында да қымбаттаулар болып жатса, таңғалмаңыз. Өйткені жер сілкінісінен қорыққан алматылықтан Астананы паналауы әбден мүмкін.

Зубайра ЛЕСБЕКҚЫЗЫ,

Democrat.kz.

Фото ашық дереккөзден алынды.