Қызды өлтірген өгей шешеге прокурор жаза сұрады

0
109

Алматы прокуратурасы 7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор айыпталушыны 99-баптың 3-бөлімі 99-баптың 3-бөлімі “кәмелетке толмаған адамды өлтіру” бойынша жазалауды сұраған. Баланы өлтірді деген күдікке қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек алынып отырғанын айта кетейік.

Прокурордың сөзінше, жағдайды жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

“Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз.Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды.

Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін”, – деді прокурор сотта.

Бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі екенін баса атап өткен жөн.

Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраған.

Еске салсақ, былтыр шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек қамауға алынған еді.

Фото ашық дереккөзден алынды.