Бишімбаевты анасы қорғауға дайын (ВИДЕО)
Екі күн қатарынан өткен Астанадағы «Бишімбаев ісіне» қатысты сотқа Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Бишімбаева да қатысты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы bestnews.kz-тің видеосына сілтеме жасап.
Әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтірді деген айыппен соты өтіп жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотына анасы Әлмира Бишімбаева қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуда. Тілшілердің бірнеше сұрағына бар болғаны «қоғамдық қорғаушы болу- конституциялық құқығым» деп қана жауап берген Әлмира Бишімбаева басқа сауалдарға жақ ашып жауап бермеді.
Әлеуметтік желіде тараған бұл көрініске қатысты көрерменнің пікірі екіге жарылды. Бір тарап «қайтсін енді, оңай емес қой, қандай болғанда да шеше үшін баласын жамандыққа қию мүмкін емес» десе, келесі бір тарап «анасының түрі де қатыгез адамға ұқсайды екен. Салтанаттың заттарын бермей, шу шығарғанда басқа еді, жуасып қалыпты ғой, шешесі қандай болса, ұлы да сондай» деп пікір жазуда.
Фото ашық дереккөзден алынды.