«Әнұранды өзгерту керек!»

0
242
«Елтаңбаны ауыстыру жайлы ештеңе демейін, дегенмен әнұранды өзгерту керек десе — қолдар ем!» деп жазады «Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өзінің Facebook парақшасында.
Осыдан біраз бұрын, Головкин мен Алварес төбелескенде Мексикалықтардың беріліп айтқан гмінін естіген ем. Қызығып, гуглден аудармасын қарадым.
Қарасам… 1943 жылы қабылданған Мексикалықтардың гимндерінің сұмдықтығы сонша — соғыс,жау, қанды қырғын сөздері 9 рет, Отан, отанды қорғау, ерлікпен қаза табу сынды сөздер 16 рет, Мексиканың ер ұл- қыздары деген сөз 4 рет айтылады. Гимн емес, халықты жауынгерлікке тәрбиелейтін ұран секілді екен… Ойлаңызшы, мынаны күн сайын естіп, айтып, сезініп өскен жұрт қандай болады?
Негізі, ұлттың мықты болуы мәселесінде әнұранға да көп нәрсе байланысты ау, мысалы, Украинаның да әнұраны сұмдық енді. Онда, Украинаның әлі тірі екені, намыспен ардың артынан кететіні, жауларын таңғы шықтай ерітіп, түп— тамырмен құртатындары және Украинаның бостандығы үшін жан- тәнін құрбан ете алатын бұрынғы батыр Казактардың нағыз ұрпақтары екендері айтылған… Несі бар.. Украиналықтарың өз әнұрандарына сақадай сай.. Көріп жатырмыз..
Румыныяның гимініде сұмдық. Онда ей Румын Оян, оян деймін. Әлем былыққа батты, оянда өз тағдырыңды өзің жаса, сол тағдырдың алдында жауларың тізе бүксін. Оян, біз ұлы Римдіктердің тікелей ұрпағымыз, соларға сай болу жолында өлейік дегендей сынды дүниелер айтылады.
Қырғыздардың гиміні де сұмдық. Тарих айтылады, Алатауды ата бабам Қырғызға алып берген, Азаттық жолында өркенде, тағдырың өз қолыңда дейді…
Қысқасы, мынау нағыз, бас қатырып ойланатын жағдай ағайын… Жалпы осындай бір дүние айтылса, ескі әнұранды қайтару керек деген сөздер айтылад. Ал ескі анұран дегеніміз ол баяғы ҚазССР кезіндегі «біз орыстарға ризамыз бірдеме деген» әнұран, тек тәуелсіздік алғанда сөздерін өзгертіп қоя салған. Меніңше, жаңа, сұсты, рухты әнұран керек деп ойлаймын бізге. Ішінде бірлік туралы, намыс, отанды сүю, тарихымыз, ата бабаның мұрасына сай болу сынды сөздер айтылса.
Бұл мәселе бойынша сіздің пікіріңіз қандай?