Футбол төбелеспен аяқталды

0
251

Футболдан Түркия Суперлигасының 30-туры аясында өткен «Трабзонспор» мен «Фенербахче» арасындағы матч төбелеспен аяқталды. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу «Трабзонспор» командасының алаңында өтті. Бұл матч 3:2 есебімен «Фенербахче» клубының пайдасына шешілді. Ойын аяқталған соң «Фенербахче» футболшылары жеңістеріне қуанып, алаң ортасында көңіл көтерді. Бірақ бұл «Трабзонспордың» жанкүйерлеріне ұнамаған тәрізді. Олар жаппай алаңға жүгіріп шығып, матч жеңімпаздарына тап берді. Осылайша жанкүйерлер мен футболшылар арасында төбелес болды.

Айта кетейік, Түркия чемпионатының турнир кестесінде «Фенербахче» 79 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Трабзонспор» 30 турдан кейін 49 ұпаймен үшінші сатыға орналасты. Бірінші орынға 81 ұпайы бар «Галатасарай» жайғасқан. Өткен маусымда «Галатасарай» Түркия Суперлигасын жиырма үшінші рет жеңіп, рекорд орнатқан еді.

Фото ашық дереккөзден алынды.