“Бишімбаевқа әділ үкім шығады” деді Сенат спикері
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Бишімбаевтың үкімі барынша әділ болатынын, ал соттың объективті әрі заңды болатынын айтты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.
«Осы қайғылы оқиғаның нәтижесі ретінде алдағы сот шешімі толықтай әділ әрі заңды болады, менің бұған еш күмәнім жоқ. Судьялар мен Жоғарғы Сот басшылығы қоғам алдындағы, халық алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Олардың арасында манипуляцияға берілетіндер бар деп ойламаймын… Аяқ астынан бір материал шыға қалады да, сот оған сене салады деп ойламаңыздар. Барлығы процестің объективті, әділ және заңды болуына мүдделі», — деді Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заң жобасы мен Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша атышулы сот процесі қоғамымызға елеулі өзгерістер әкелетінін атап өтті.
Фото ашық дереккөзден алынды.