“Құдай “Исаны жібердім, Христиан дінін ұстасын дедім” десе не болады?
Мен қолдан келгенше ештеңе бүлдірмей, барынша жақсылық жасап өмір сүрсем болды емес пе, басқасы не керек! Ал енді мынандай психологиялық манипуляция маған өтпейді!
Әрине діндегілер өз қатарын көбейту үшін небір қулықтарға барады, соның ішінде тозақпен қорқытып, жұмақпен алдау да бар!
Осылай «о дүние болып қалса ше, минус 100-ге кетпей, плюс 100-ге барған дұрыс емес пе» деп ойы тайыз адамды тығырыққа тірейді.
Ал енді ол жақты бар деп есептеп о жақта былай болса ше мысалы!
Ең дұрыс дін католиктердікі болып шығып бүкіл мұсылмандар тозаққа да кетуі мүмкін ғой ә!?
Немесе тағы да басқа дін өкілінікі дұрыс болып қалса ше.
Құдай айтып тұрса «ей мен сендерге Исаны жібердім ғой, христиан дінін ұстансын деп, неменеге алаяқ Мұқаммедке еріп кеткенсіңдер, енді сол үшін тозаққа кетесіңдер» деп.
Сонда қаншама мұсылман зар еңіреп минус 100-ге кетіп қалар еді ә.
Немесе былай болса ше!
«Мен сендерді адам етіп жараттым, ми мен сана бердім.
Өссін, өнсін, дамысын дедім, ал сендер келіп өз араларында өздеріңдей адамдарды қайдағы пайғамбарлар етіп алып соларға ілесіп адасып жүрдіңдер, сондықтан да тозақтың есігі сендерге ашық» десе ше!?
Көрдің бе санасы тайыз адаммен түрлі манипуляция жасау қандай екенін.
Сондықтан да тіпті о дүние болып қалса да ол «ислам дұрыс дін» деген сөз емес.
Мен бар болғаны құдайды бар деп оған сенген адам ортадағы дінді ойлап тапқан делдалдар арқылы емес, өзіне тікелей сенсе екен деймін!
Тіпті дінге де сене берсін, бірақ оны әлемге жар салмай, айналаға үгіт насихат жүргізбей, үркітіп, қорқытпай немесе алдап, арбамай т. т. сенсе екен.
Әркімнің өз ұстаған діні өзіне ғана керек екенін білсе екен деймін!
Діншіл бол, атейст бол, тәңірші бол, бірақ ең бастысы адам бол, қазақ бол.
Ұлтың қашанда бірінші орында болуы керек!
Дархан ЕЛЕКЕННІҢ
Facebook парақшасынан алынды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.