«Яндекс такси» неге салық төлемейді?

0
283

«Яндекс такси» қонақжай қазақтың мойынына мінген ерке-тотай ма? Ол неге салық төлемейді?!” деп жазады журналист Ораз Әлімбеков өзінің Facebook парақшасында.

«Яндекс такси» осы жүйеде жұмыс істейтін такси-шопырларға «Жеке кәсіпкер» (ИП) болуды талап қылып шарт қойды және өзі төлеуі тиіс салықты қазақстандық шопылардың қылша мойнына іліп қойды.

Мысалы, жеке кәсіпкер шопыр такси болып адам тасып күндігіне 10 мың теңге тапты делік. «Яндекс такси» автоматты түрде 1700 теңгені (17 пайыз) алып қояды. Бұл «Яндекстің» таза пайдасы, бұл сомадан Қазақстанға бір тиын салық төлемейді – түгел ресейлік компанияға кетеді.

Бұдан кейін қазақстандық жеке кәсіпкер шопырда 8300 теңге қалды, бірақ шопыр 10 мың теңгеден 1 пайыз салық төлейді (100 тг). Шопырда 8200 тг қалды. Мәшиненің май-суы бар, салығы, сақтандыруы бар, оны жөндеп тұру керек… Жеке кәсіпкер шопыр бұдан басқа ай сайын «әлеуметтік төлем», «міндетті зейнетақы жарнасын», «медициналық сақтандыру жарнасын» төлеуі тиіс.

Күн демей, түн демей шапқылап жүретін такси шопырға қанша теңге қалады сонда?!. Бұл мәселенің бір жағы ғой. Ең басты проблема — «Яндекс такси» Қазақстаннан табыс тауып отырып ел бюджетіне бір тиын қоспай ерке-тотай болып әділдік принципін бұзғаны.

Әншейінде қазақстандық кәсіпкерлерлерге қарсы арпылдап қырып жіберетін Қазақстанның салық органдары ресейлік компанияға келгенде құйрығын бұтына қысып дымды байқамағансып қалатынына таңым бар”,- деп пікірін ортаға салды журналист.

Фото ашық дереккөзден алынды.